Ассоциация выпускников

Shakarim Alumni

Шәкәрім университетінің ұжымы Сізді біздің сайтта көргеніне қуанышты!

Әубәкір Жандос Мағазбекұлы

1975 жылы 3 қазанда Семей қаласында дүниеге келген. 1996 Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығын тәмамдаған. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент. Л. Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті — Абай академиясының директоры.
Әубәкір Жандос Мағазбекұлы

Тусеев Багдат Муканович

1957 жылы 9 тамызда Семей қаласында дүниеге келген. 1978 жылы Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының дене тәрбиесі факультетін тәмамдаған. Дене тәрбиесі мамандығының 1978 жылғы түлегі, педагогика ғылымдарының кандидаты, спорттың көрнекті қайраткері, Халықаралық санаттағы төреші – "Referee FIFA". "Еңбегі үшін" медалімен, "Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен, "Қазақстан Республикасының спорт қайраткері" белгісімен, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Құрмет белгісімен марапатталған. Қазіргі уақытта-ҚР футбол бойынша премьер-лигасының инспекторы.
Тусеев Багдат Муканович

Дускужанов Асемкан Серканович

1962 жылы 21 мамырда Семей қаласында дүниеге келген. 1983 жылы Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының дене тәрбиесі факультетін тәмамдаған. ҚР Күрес федерациясының бірінші вице-президенті. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР Күрес федерациясының бірінші вице-президенті, Корея Республикасының ҚР-дағы құрметті консулы, "Daewoo Bus Kazakhstan" ЖШС Бас директоры, Қазақстан облыстық мәслихатының IV шақырымның депутаты.
Дускужанов Асемкан Серканович

Мырзабосынов Ербол Куантаевич

1984 жылы 30 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келген. 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған. «философия докторы» (PhD), ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, қазақ күресі бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдо және самбо бойынша спорт шебері, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі
Мырзабосынов Ербол Куантаевич

Нугымаров Айбек Серикболович

1987 жылы 3 маусымда Абай облысы Абай ауданы Құндызды ауылында дүниеге келген. 2009 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын дене шынықтыру және спорт мамандығын тәмамдаған. "Қазақша күресі" бойынша ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, дзюдо бойынша спорт шебері, самбо бойынша спорт шебері. Қазіргі уақытта-Абай облысы Аягөз қаласының әкімі.
Нугымаров Айбек Серикболович

Нургазин Ринат Нургазинович

27 қыркүйек 1986 ж. ШҚО-да Ақсуат ауданында дүниеге келген. 2008 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Орман инженерия ісі» мамандығын тәмамдаған. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы.
Нургазин Ринат Нургазинович

Баширова Жамиля Казбековна

979 жылы 7 маусымда Бесқарағай ауданында дүниеге келген. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін Биотехнология мамандығы бойынша 2001 ж. тәмамдаған. "Нәтиже Сүт Фабрикасы" ЖШС Технология және даму жөніндегі директор.
Баширова Жамиля Казбековна

Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлы

1974 жылы Семей қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Семей мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын тәмамдаған. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Абай облысы білім басқармасының басшысы.
Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлы

Жанаева Шағангүл Алдамжарқызы

1965 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген. 1986 ж. Н. Крупская атындағы педагогикалық институтты «қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығын тәмамдаған. Қазақстанның білім беру ісінің үздігі , филология ғылымдарының кандидаты. II дәрежелі «Барса» ордені (2022 ж.) М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің (Семей қ .) директоры.
Жанаева Шағангүл Алдамжарқызы

Заитов Ринат Рифхатович

1983 жылы 17 қараша айында Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық университетінде білім алған. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.
Заитов Ринат Рифхатович

Сулейменов Куаныш Серказинович

1973 жылғы 14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Шар қаласында дүниеге келген. 1999 жыл - Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекетті университетін тәмамдаған. «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төс белгісімен марапатталған. Абай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды, қазіргі уақытта Абай облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы.
Сулейменов Куаныш Серказинович

Ахонова Надира

Родилась 22 октября 1989 г., г. Семей, Окончила в 2010 году Государственный университет имени Шакарима по специальности переводческое дело (бакалавриат). Международный кинопродюсер, основатель продюсерской компании N&A Film Productions, посол медиа-туризма Казахстана (Media Tourism Ambassador of Kazakhstan).
Ахонова Надира

Егежанов Кайрат Бейбитбекович

1985 жылы 17 қыркүйекте ШҚО, Семей қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекетті университетінде «Орман инженериясы» мамандығын тәмамдаған. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Орман және ЕҚТА басқармасының бас сарапшысы. Қазақстан Республикасындағы (Астана қ.) GIZ өкілдігінде қоршаған орта саясаты және ресурстық тиімділік жөніндегі сарапшы. Еркін сарапшы ретінде кеңесші.
Егежанов Кайрат Бейбитбекович

Тулеутаев Адлет Тулеуханович

1990 жылы 6 наурызда Семей қаласында дүниеге келген. Университетті агрономия мамандығы бойынша 2012 жылы тәмамдаған. Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бойынша «Астана Нан» өңірлік өкілдігінің директоры.
Тулеутаев Адлет Тулеуханович

Сауметов Жигер Мухтарович

09.01.1986 жылы Семей қаласында дүниеге келген. 2008 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Орман инженерия ісі» мамандығын тәмамдаған. «Семей орманы» РММ Семей филиалының директоры.
Сауметов Жигер Мухтарович

Зарва Денис Борисович

Абай облысы, Семей қаласында дүниеге келген. 2010 жылы «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша оқуын аяқтаған. ҚР Энергетика министрлігінің Ұлттық ядролық орталығы бас инженерінің орынбасары.
Зарва Денис Борисович

Алимжанова Арайлым Магашевна

1978 жылғы 29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай өңірінде дүниеге келген. 2000 жылы «Агроөнеркәсіп кешеніндегі экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бакалавриатты тәмамдаған. «Особенный мир» қоғамдық қорының құрылтайшысы, «Жарқын болашақ» кеңес беру орталығының негізін қалаушы, «Асыл Мирас» аутизм орталығының директоры.
Алимжанова Арайлым Магашевна

Калинкин Анатолий Дмитриевич

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында 5 желтоқсанда 1997 жылы дүниеге келген. 2019 ж. «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Абай облысы Семей қалалық мәслихатының депутаты. Құқықтық мәселелер және депутаттық әдеп жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі. «Калинкин» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі. «DISCOVERY COFFEE SEMEY» ЖШС директоры.
Калинкин Анатолий Дмитриевич

Cериков Роллан Серикович

08.04.1979 жылы Шығыс Қазақстан облысы Қайнар ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Шәкәрім университетін «Экономика» мамандығы мамандығы бойынша тәмамдаған. 2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі аппаратының басшысы.
Cериков Роллан Серикович

Ахметжанов Данияр Азмұханбетұлы

02.06.1983 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2006 жылы Шәкәрім университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасында бас сарапшы, Қазақстан Республикасы Есеп комитетінде сектор меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының қаржы-экономикалық бөлімі, бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының қаржы-экономикалық бөлімінің меңгерушісі, Шымкент қаласы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарған. 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы.
Ахметжанов Данияр Азмұханбетұлы
Фото 1 Фото 2 Фото 3 Фото 4

Құрметті түлектер!

Біз түлектеріміздің, соның ішінде мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің, отандық және халықаралық компаниялардың басшыларының, сондай-ақ инженерлер мен ғалымдардың жетістіктерін мақтанышпен айтамыз.

Біз қалыптасқан қарым-қатынастарды жоғары бағалаймыз және оларды одан әрі дамытуға ұмтыламыз. Университет ұжымы ортақ Alma mater-іміздің өркендеуі мен дамуы жолында ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі.


Қауымдастықтың бір бөлігі болыңыз

Біз Түлектер қауымдастығының жұмысына белсенді қатысуыңызды құптаймыз. Сіз келесі мүмкіндіктерге иесіз:

  • Shakarim Alumni мүшесі атану
  • студенттермен және университетпен бірлескен жобаларды бастау және жүзеге асыру.
  • университет ішінде түрлі бірлестіктер құру және оларға қолдау көрсету.
Осындай іс-шараларды ұйымдастыру үшін Сіз және Сіздің курстастарыңыз туралы кез келген ақпаратқа қуанышты боламыз.

Біз сіздерге байланыс орнатуға арналған алаң ұсынуға дайынбыз және университет өміріндегі маңызды оқиғалар, қызықты кездесулер мен білім беру мүмкіндіктері жайында хабардар етіп отыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, Сіздің өмір жолыңыз қалай қалыптасқаны біз үшін маңызды және бір-бірімізге әрі қоғамға қалай пайдалы бола алатынымызды білу бізді қызықтырады.


Түлектер қауымдастығының миссиясы: Shakarim Alumni миссиясы университет түлектерінің ұрпақаралық корпоративтік бірлігін нығайту, олардың өзін-өзі жүзеге асыруына және әлеуметтік ілгерілеуіне жәрдемдесу, сондай-ақ алма-матердің стратегиялық дамуын қолдау.