Ассоциация выпускников

Түлектер қауымдастығының мақсаты гуманизм, өзара көмек, қолдау, тәжірибені жас түлектермен бөлісу және ұрпақтар сабақтастығы қағидаттары негізінде университет пен оның түлектері арасында өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға жәрдемдесу болып табылады.

Түлектер қауымдастығының негізгі міндеттері

  • Түлектердің ақпараттық базасын құру және оны жаңартып отыру, түлектермен серіктестік байланыстарды кеңейту және Университеттің өміріне қатысуын қамтамасыз ету;
  • Түлектердің өзара қарым-қатынасын орнатуға және дамытуға жағдай жасау үшін олардың ортақ кәсіби қызығушылықтарын анықтау және сол негізде шараларды іске асыру жолдарын табу;
  • Университет түлектеріне әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламаларын жүзеге асыру, соның ішінде жас мамандарды жұмыспен қамту, мансап құру немесе өз бизнесін ұйымдастыру, сондай-ақ меценаттықты және әлеуметтік осал студенттерге көмек көрсету;
  • Оқу үдерісін еңбек нарығының талаптарына бейімдеу аясында жұмыс берушілермен ынтымақтастықты дамыту;
  • Студенттерді кәсіби қоғамдастыққа толыққанды интеграциялау мақсатында түлектердің тәлімгерлік бағдарламасын дамыту;
  • Университет жүзеге асыратын жобаларға, бағдарламаларға, іс-шараларға және басқа да бастамаларға қолдау көрсету, университет алаңдарында қауымдастық іс-шараларын (презентациялар, дөңгелек үстелдер, конференциялар) ұйымдастыру;
  • Студенттер мен түлектердің корпоративтік рухын нығайту, университет қауымдастығының құндылықтары мен мүдделерінің біртұтастығын сақтау, университет брендінің дамуы мен оның халықаралық және ғылыми ортадағы беделін арттыру.

Шәкәрім университеті мен түлектер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық шарттары

I. Шәкәрім университетінің міндеттері:

1. Түлектерді танымал ету және дәріптеу

  • «Шәкәрім университетінің үздік түлектері» және «Біздің элита» кітаптарын шығару.
  • Шәкәрім университеті түлектері каталогын жыл сайын жаңарту.
  • Университет мұражайындағы «Көрнекті түлектер» галереясын ұйымдастыру.
  • Жеке жетістіктер мен ғылыми ізденістер туралы мақалаларды газета немесе журналда жариялау.
  • Бұқаралық ақпарат құралдары мен телевизиялық бағдарламаларда түлектерді имидждік қолдау.
  • Түлектерді университеттің төс белгісімен марапаттау, «Шәкәрім университеті профессоры» құрметті атағын беру.

2. Кәсіби даму және тәжірибе беру

  • Түлектерге кәсіби шеберлік бойынша ашық дәрістер өткізу.
  • Бос орындар және ғылыми жобалар жәрмеңкелерін ұйымдастыру.
  • Университет ғалымдарының ғылыми жобаларына қатысу мүмкіндігі.

3. Ресурстар мен инфрақұрылымдық қолдау

  • Тіркелген түлектерге Жастар Коворкинг залдарын немесе университеттің аудиторияларын ресми іс-шаралар үшін ұсыну.
  • Түлектер ұйымдастыратын ірі іс-шараларға Шәкәрім университеті студент-еріктілерін тарту.
  • Университеттің спорт залдары мен бассейндерін пайдалану жеңілдіктері.
  • Түлектер мен олардың балаларына оқу ақысына жеңілдіктер қарастыру.
  • Корпоративтік курстар мен тренингтерге жеңілдіктер немесе тегін қатысу мүмкіндігі.
  • Университет кітапханасының электрондық ресурстарына және оқу залдарына қол жеткізу.
  • Ойын-сауық, ғылыми және спорттық шаралар ұйымдастыруда қолдау көрсету.

II. Shakarim University түлектерінің міндеттері:

1. Университет беделін арттыру

  • Шәкәрім университетін насихаттау, PR және брендтік қолдау.
  • Материалдық-қаржылық және ұйымдастырушылық қолдау көрсету (демеушілік, эндаумент қорының жұмысына қатысу).

2. Студенттер мен тәжірибе платформасын қолдау

  • Түлектерді жұмысқа орналастыруға қатысу.
  • Білім алушылардың кәсіптік практика базасын кеңейтуге көмек көрсету.
  • Факультеттер (Жоғары/Зерттеу мектептері) мен курстастардың мерейтойлық кездесулерін, спорттық іс-шараларды ұйымдастыру.

3. Әлеуметтік қызмет

  • Университеттің түрлі іс-шараларына қатысу (Ашық есік күндері, Наурыз мерекесі, Түлектер күні және т.б.).
  • Ардагер түлектер мен студенттер арасында білім, дағды, тәжірибе алмасу платформасын дамыту.

III. Ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары

  • Түлектерге, білім алушыларға және университетке нақты пайда әкелу.
  • Адамдарды, ресурстарды және мүмкіндіктерді байланыстыру.
  • Түлектер мен білім алушылардың кәсіби және әлеуметтік желісін дамыту.
  • Alumni қауымдастығын нығайту.
  • Фандрайзинг және гранттар арқылы университет ресурстарын арттыру.
  • Университет беделін, тұрақтылығын және танымалдылығын арттыру.
  • Әлеуметтік және қайырымдылық жобаларға қатысу.
  • Бизнес және ҮЕҰ-мен бірлескен бастамаларды жүзеге асыру.
  • Бірлескен жобалар бойынша ортақ алаң құру.